Құпиялылық саясаты - АҚШ, Еуропа мен Қытайдан Қазақстанға 4-9 жұмыс күні ішінде жеткізу
Использовать приложение Продолжить в браузере
globbing_www_home_hot_news_text
+7 727 344 14 64
Kazakh

Құпиялылық саясаты

Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – «Саясат») сайттың барлық келушілеріне және біздің қызметтерімізді пайдаланушыларға (бұдан әрі – «Барлығы», «Пайдаланушы» немесе «Сіздің») таралады. Осы Саясат www.globbing.com сайтын (бұдан әрі – «Сайт») пайдалану уақытында алынған ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және пайдалану тәсілдерін реттейді. Саясат «Глоббинг» компаниясының (бұдан әрі – «Компания») веб-сайттарына, тауарларына, қызметтеріне және бағдарламалық қамсыздандыруының кез келген өзге нұсқаларына таралады. Саясат Сіздің Сайттың Пайдаланушысы ретіндегі құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді белгілейді. Егер Сіз Құпиялылық саясатымен белгіленген шарттармен келіспесеңіз, Сайт ұсынатын қызметтерді пайдалана алмайсыз.

 

Дербес деректер

Сіз Сайтқа тіркелусіз кіре аласыз, алайда Компанияның қызметтерін пайдалану үшін, тіркелу қажет. Дербес деректер тек олар ұсынылған мезеттен бастап өңделе бастайды. Тіркелген кезде Сіз өз атыңызды, мекен-жайыңызды, электрондық поштаңыздың мекен-жайын және байланыс деректерін көрсетуге міндеттісіз. Біз сонымен қатар Сайтты пайдалану кезінде ақпаратты басқа да тәсілдермен жинай аламыз. Біздің серверлер Сіздің IP-мекен-жайыңыз, браузердің атауы, компьютердің түрі, Пайдаланушы туралы техникалық деректер және біздің Сайтпен байланыс құралдары, операциялық жүйе түрі, Интернет қызметтер провайдерінің аты және басқа да осындай мәліметтер сияқты деректерді алады және жинайды. Біз Сайттағы Сіздің әрекеттеріңіз туралы ақпаратты, Сізге басқа келушілерден түсетін шағымдар немесе Сіздің клиенттерге қолдау көрсету орталығымызға қоңырауларыңыз туралы мәліметтерді аламыз. Бұл деректер келушілердің мінез-құлық желілерін және олардың қалауын түсінуге, Сайтты пайдалану үшін қолайлырақ жасау және пайдаланушыларға қызметтерді нақтырақ ұсынуға көмектеседі.  

  

18 жасқа жетпеген тұлғалар туралы мәліметтердің құпиялылығы

Біз 18 жасқа толмаған тұлғалардың деректерін өңдемейміз, тіркелулеріне жол бермейміз және қызметтер ұсынбаймыз. Ережеден тыс жағдай – заңнамамен көзделген тәртіпте толық әрекет қабілетті ретінде жарияланған тұлғалар. Компанияның енгізілетін деректердің шынайылығын тексеруге мүмкіндігі жоқ, сондықтан бізге 18 жасқа жетпеген тұлғалардың Сайтты және қызметтерді пайдалануының салдарлары үшін жауапкершілік жүктелмейді.

 

Алынған ақпаратты пайдалану

Біз келесі мақсаттарда Сіз ұсынған мәліметтерді пайдалануға құқылымыз:

· 

Сіздің сұраныстарыңызды қанағаттандыру және қызметтерді іске асыру;

· 

· 

Сізге қызықты болуы мүмкін қызметтер мен тауарларды ұсыну;

· 

Сайтты пайдалануға көмек көрсету;

· 

· 

Сіздің Globbing есеп-шотыңызды реттеу;

· 

· 

Сайттың пайдалануын қолайлырақ жасау үшін оның құрылымына өзгерістер енгізу;

· 

· 

Сайтты және өзге пайдаланушыларды қорғау.

· 

Пайдаланушылардың дербес деректерін сақтау тәсілдері және олардың қауіпсіздігі

Компания дербес деректерді заңсыз пайдаланудан, өзгерістен немесе жариялаудан қорғау үшін сәйкес техникалық және физикалық шараларды қолданады. Сіз ұсынған барлық мәліметтер қауіпсіз серверлерде сақталады. Сіздің дербес деректеріңіз сақталатын әрбір парақты Компания құпиясөздермен қорғайды. Компания ешқашан Сізден құпиясөзіңізді телефон немесе электрондық пошта арқылы айтуыңызды сұрамайды. Компания заңнамамен көзделген жағдайларды қоспағанда дербес деректерді Пайдаланушының келісімінсіз үшінші тұлғаларға ұсынбайды. Деректер қызметтерді көрсету немесе сапасын жақсарту үшін қажетті болса бізбен байланысты тұлғаларға ұсынылуы мүмкін. Сіздің атыңыздан тапсырыстарды топтау және қоймалау, пошта жөнелтілімдерін жеткізу, хаттарды жіберу, деректер базасын талдау, қайталанатын ақпаратты жою, есеп айырысуларды банк карталарымен жүзеге асыру, клиринг сияқты кейбір мәмілелерді жүзеге асыру үшін Компания өзге компанияларды және/немесе жеке тұлғаларды жалдайды. Үшінші тұлғалар көзделген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа қолжетімдік алады және бұл деректерді өзге мақсаттарда пайдалануға құқысыз.

 

Globbing cookie файлдарын қалай пайдаланады

Globbing Сайтпен жұмысты Пайдаланушы үшін анағұрлым қолайлырақ жасау мақсатында cookie файлдарын пайдалануға құқылы. Cookie файлдары – Пайдаланушының белсенділігі туралы мәліметтер сақталатын шағын мәтіндік файлдар. Cookie файлдарының екі түрі болады – сессиялық немесе уақытша және тұрақты. Сессиялық cookie файлдары уақытша жадыда сақталады және Пайдаланушы браузердің терезесін жапқан кезде жойылады. Тұрақты cookie компьютердің қатты дискінде сақталады және Пайдаланушы веб-сайтқа әрбір кірген кезде серверге табысталады. Браузердің баптауларында пайдаланушылар өз қалауынша cookie файлдардың пайдаланылуы мен сақталуын реттей алады. Көптеген браузерлердің браузерді жабу кезінде cookie айыру немесе файлдарды өшіру функциясы бар. Алайда Сайтқа қайталап кірген кезде cookie пайдалану Компанияға пайдаланушылармен жұмысты тиімдірек қалыптастыруға көмектеседі. Cookie файлдарының көмегімен Компания автоматты режимде Сіздің globbing.com-дағы белсенділігіңіз туралы ақпаратты сақтайды: сілтемелер бойынша өту, парақшаға шолу, Компания Сайтынан ақпарат іздеу және т.б.

 

Шиеленістерді шешу

Сайтқа кіре отырып немесе Компания қызметтерін пайдалана отырып Сіз әдепкі қалпы бойынша оны пайдаланумен байланысты барлық сұрақтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетіндігі туралы шартты қабылдайсыз. Даулы мезеттер туындаған жағдайда олар шиеленіс тараптары арасында келіссөздер арқылы реттелетін болады. Егер келісімге қол жеткізілмесе, сұрақ ҚР заңымен белгіленген тәртіпте қарауға жатады.

 

Құпиялылық саясатын өзгерту

Компания осы Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізуге құқылы. Қандай да бір түзетулер енгізген жағдайда біз Сізге тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына хабарлама жібереміз. Өзгерістер енгізгеннен кейін Компанияның қызметтерін пайдалану Пайдаланушы жаңа Саясатты қабылдағаны ретінде қаралатын болады.